$ 494.87  520.65  4.91

Франциядағы мигранттар өз ауыздарын тігіп тастады

Ираннан Францияға қашып келген бес босқын Кале қаласындағы мигранттар лагерінің бұзылуына қарсылық ретінде өз ауыздарын тігіп тастады. Олар өз лашықтары қирағаннан кейін осындай әрекетке барған деп жазады The Mirror.

Босқындар мұндай әрекетімен Франция билігі бізді естімей отыр дегенді айтқысы келген. Наразылық акциясы барысында олар қолдарына плакат алып, бұзылып жатқан лагердің аумағымен жүріп өтті. Плакаттардың бірінде: «Мен өз елімді тастап мұнда адам құқығын іздеп келдім, алайда оны бұл жерден де тапқан жоқпын» деген жазба болса, екіншісінде: «Демократияларың қайда? Біздің бостандығымыз қайда?» делінген.

Айта кетейік, 1 наурыздан бастап Франция билігі Кале қаласындағы босқындар жайлаған "Джунгли" лагерінің оңтүстік бөлігін тазарта бастаған еді. Іс-шара барысында қақтығыстар да орын алды. Салдарынан полиция көзді жасаурататын газ пайдаланған деп жазады РИА Новости.

Француз билігі аталған лагерьді бұзатынын 20 ақпан күні хабарлап, мигранттардың ол жерден кетуіне үш күн уақыт берген болатын. Босқындар арнайы салынған жатақханаларға көшуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары