$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстанда тағы бір жаңа түрме пайда болады

Сәуір айының орта тұсында Қазақстандағы түрмелердің саны тағы біреуімен толықпақ. Оралда құрылысы 2006 жылы басталған қатаң режимдегі түзеу мекемесіндегі жұмыстар аяқталып, бірер айдан соң алғашқы сотталушыларын қабылдамақ деп жазады "Мой ГОРОД" порталы.

БҚО ҚАЖД аға инспекторы Қайрат Жантулиннің айтуынша, сәуір айында Қазақстанның өзге аймақтарындағы түрмелерден жаңа түзеу мекемесіне ауыр қылмыс жасаған сотталушылар жеткізілетін болады.

- Колония 900 орынға лайықталған. Құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Енді тек ұсақ жұмыстарын аяқтау керекпіз. Мәселен, мекен-жайына байланысты тіркеу, жаңадан келетін сотталушылардың орындарын дайындау секілді жұмыстар бар, - дейді Қ.Жантулин.

РУ-170/3 түрмесінің құрылысы 2006 жылы басталған болатын. Құрылыс материалдары бағасының қымбаттап отыруына байланысты құрылыс жұмыстары бірнеше рет тоқтап, кейінге шегерілген. Нысан аумағында сотталушылар тұратын екі жатақхана, азық-түлік қоймасы, қызметтік иттерге арналған питомник, көліктердің гаражы, спорт және мәжіліс залдары бар. Түрмені салуға барлығы 2,3 млрд теңге жұмсалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары