$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте полицейді көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Оқиға 4 ақпан күні орын алған болатын. «Опель-Вектра» маркалы көлігін мінген жүргізуші Бәйдібек аудандық ІІБ-нің қызметкерін қағып, өзі қиға орнынан қашып кеткен еді. Тәртіп сақшылары оны араға 1 айға жуық уақыт салып әзер ұстады.

Ұсталған азамат 1981 жылы туған, еш жерде жұмыс істемейді. Оған құқық қорғаушылар «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» деген айып тағумен қатар, ұрлыққа да қатысы бар екенін айтып отыр.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған. Оның үстінен әзірге Қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары