$ 494.87  520.65  4.91

Лондондық «Челсиды» Антонио Конте жаттықтыратын болады

«Челси» футбол клубының иесі Роман Абрамович ағымдағы жылдың жазынан бастап команданы италиялық маман Антонио Конте жаттықтыратынын айтты. Бұл туралы ол лондондық клубтың ойыншыларына мәлімдеген деп жазады Corriere Dello Sport.

Жақын күндері ресейлік миллиардер 46 жастағы бапкермен кездесіп, келісімшарттың талаптарымен таныстыратын болады.

Қазіргі таңда «Челсиды» уақытша голландық маман Гус Хиддинк жаттықтырып жатыр. Ол өткен жылдың желтоқсан айында қызметінен қуылған Жозе Мауриньоның орнына келген еді.

Айта кетейік, Конте 2014 жылдың тамызынан бері Италия ұлттық құрамасын жаттықтырып келеді. Оның аталған елдің футбол федерациясымен жасаған келісімшартының мерзімі биыл шілдеде аяқталады. Оған дейін Конте үш жыл «Ювентус» клубының тізгінін ұстап, үш рет қатарынан Италия біріншілігін, екі рет Италия суперкубогін жеңіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары