Елімізде Төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілгелі бері Алматы қаласында 210 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеуін жалғастырып жатыр. Ал бұл қала экономикасында жұмыспен қамтылғандардың 17%-ын құрайды. Бұл туралфы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен онлайн кездесу кезінде айтты, - деп хабарлайды Sn.kz.
Қазіргі таңда Төтенше жағдай кезінде Алматы қаласының дамуы мен экономикасын барынша әлсіретпеуге тырысу керек. Осы жағдайды болдыртпау мақсатында, қашықтан жұмыс істеу режиміне, қаржы секторында, білім беру, мемлекеттік басқару, сондай-ақ, Ақпарат және байланыс салаларында жұмыс істейтін 200 мың адам көшті. Ал қатаң карантин кезеңінде жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 727,8 мың адамға қысқарған. Нәтижесінде 300 мыңға жуық адам уақытша табыссыз қалды.
«Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық өмірін кезең-кезеңмен қалпына келтіру жоспарына сәйкес экономикалық белсенділікті қалпына келтіру үшін үлкен әлеуеті бар және сонымен қатар коронавирустық инфекцияны тарату үшін ең аз тәуекелдері бар секторлар анықталды. Бұл - қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 20 сәуірден бастап іске қосылуы мүмкін өнеркәсіп пен құрылыс салалары», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ, қала әкімі қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерімен кездесуде 20 сәуірден кейін жұмысын жалғастыруы мүмкін кәсіпорындар туралы айтты. Әкімнің айтуынша, өнеркәсіп саласындағы шектеулерді алып тастау нәтижесінде 42,2 мың адам өз жұмыс орындарына оралады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 34,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу, әсіресе құрылыс саласында, жоспарда бар. Сонымен қатар, ауқымды құрылыс жұмыстарының басталуымен жобалаушылар мен іздестірушілерге, инжинирингтік компаниялар (авторлық және техникалық қадағалау), жобаларды сараптау сияқты мамандар мен қызметтер категорияларына қажеттілік пайда болады», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар, қала әкімі құрылыс саласының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында көтерме құрылыс нарығын ашу және «БЖК-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын іске асыруға қатысатын кәсіпкерлердің кепіл мүлкін мемлекеттік тіркеу үшін нотариустар мен ХҚКО қызметін қайта бастау жоспарланып отырғанын атап өтті.
Осылайша, 20 сәуірден бастап жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны бір ай ішінде 89,4 мың адамға көбейеді деп күтілуде. Шектеулерді кезең-кезеңмен алып тастау қоғамдық көліктерді, соның ішінде аялдамалар мен метро аялдамаларын, кәсіпорындардың өздерінің жұмыс орындары мен халық көп жиналатын орындарды жаппай залалсыздандырумен қатар жүреді.
Сонымен қатар, осы аптада Алматы қаласының әкімі қала дамуы мен экономикасын қадағалау мақсатында карантин жағдайындағы құрылыс алаңы мен зауыттардың жұмысқа дайындығын тексеріп шықты. Осы орайда жоғарыда атап өткен, 20 сәуірден бастап жұмысын бастағалы отырған бірқатар өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарын аралады. Оның қатарында салынып жатқан «Terra» СК, Наурызбай ауданындағы заңды тұлғаларға арналған ХҚКО, «Hyundai Trans Kazakhstan», АЗТМ және «Алматыэнергосервис» зауыттары да бар.
«Қызметкерлердің қауіпсіздігі үнемі қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл орындалуы тиіс жұмыстарды тексеретін құрамында санэпидемиологтар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері бар комиссияның басты талабы. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады. Ал компания қызметін ТЖ режимі аяқталғанға дейін тоқтатамыз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Ұзақ уақыт карантиндік режимнен кейін жұмысты қайта бастаудың ең басты шарты – қызметкерлердің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сол себепті құрылыс алаңдары мен кәсіпорындарда дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр. Ал қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Кіреберістерде зарарсыздандыру станциялары жабдықталады, сондай-ақ, жұмысшылардың дене қызуы тексерілетін болады. Қолжетімді жерлерде санитайзерлер орналастырылып, жұмыс орындарында және асханаларда қауіпсіз қашықтық қамтамасыз етілетін болады.
Айта кетейік, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерімен кездесуде 20 сәуірден кейін жұмысын жалғастыруы мүмкін кәсіпорындар туралы айтты. Әкімнің айтуынша, өнеркәсіп саласындағы шектеулерді алып тастау нәтижесінде 42,2 мың адам өз жұмыс орындарына оралады.