$ 449.58  486.94  4.86

Феруза Оңталап, жыршы: «Әл-Фарабиді әнін тыңдау үшін Жанкент қаласынан Бағдат шаһарына шақыртқан»

Әл-Фарабидің музыка туралы жазған еңбегі «ал-Мусики ал-Кабир», яғни «Музыканың ұлы кітабы» деп аталады. Ислам әлеміндегі музыка жайлы жазылған еңбектерден бұл шығарма ерекшеленеді.

Әйгілі Шығыс ойшылы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің музыка әлемінде де өз қолтаңбасы бар. Өйткені, әл-Фараби философиясында музыканың орны ерекше, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Биыл Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Ойшылдың бірнеше ғылымды қатар зерттеп, 70-ке жуық тілді игергенін тарихтан білеміз. Осы орайда, Әл-Фараби бабамыздың музыка өнерін ерекше құрметтегеніне тоқталып өтсем деймін. 

Ол ортағасыр ғұламаларының музыка туралы көзқарастарына қарсы пікір білдірген. Музыканың адам рухын кемелдендіріп, табиғатпен үндестік орнатуы үшін маңызды екенін жеткізіп келген. Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу деген сөзі де осыны көрсетеді.

Әл-Фарабидің музыка туралы жазған еңбегі «ал-Мусики ал-Кабир», яғни «Музыканың ұлы кітабы» деп аталады. Ислам әлеміндегі музыка жайлы жазылған еңбектерден бұл шығарма ерекшеленеді. Мұнда ғұлама музыканы ғылым ретінде қарап, оның негізі мен әдістері туралы айтқан.

Аталған шығармада Орта Азия мен Таяу Шығыс елдеріне тән аспаптар жөнінде де жазылған. Бұл шығармасы арқылы әл-Фараби музыка жайлы ежелгі түсініктер мен грек теорияларын зерттеп, исламдық ойлау жүйесі негізіне сәйкес музыка теориясының қалыптасуына жол ашты.

Әл-Фараби – музыка өнерінің өміршеңдігін философиялық метафизикалық тұрғыда тұжырымдаған тұлға. Екінші ұстаз атанған әл-Фарабидің бір ғана музыка туралы зерттеуінің өзінде үлкен еңбек жатыр. Оның бойында ғылымға деген махаббаттан бөлек, күйшілік өнер де болған.

Ислам тарихындағы Арун-Рашид кезеңінде әл-Фарабидің әдемі күйлерін тыңдау үшін оны Сырдың бойындағы Жанкент қаласынан Бағдат шаһарына арнайы шақырған деген деректер де бар. Бұл туралы академик Әлкей Марғұланның жазбаларында айтылған», - дейді дәстүрлі әнші, жыршы Феруза Мейрамбекқызы.

Әуен мен саз адамның жандүниесіне тікелей әсер ететіндігін әл-Фараби өз еңбектерінде зерттеген. Ол музыканың маңызын қоғам және философия тұрғысынан түсіндірді. Музыка өнерінің мақсатын адамзаттың ақиқатқа қол жеткізіп, кемелденуіне ықпал етуші фактор ретінде көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары