$ 498.34  519.72  4.85

ШҰҒЫЛ: Қызылорданың қақ ортасында жаппай төбелес соңы атыспен аяқталды (ВИДЕО)

3 наурыз күні Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде ондаған адамның қатысуымен жаппай төбелес орын алды. Қақтығысты куәгерлердің бірі бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратқан.

Видеокадрлардан кемі 50-60 адамның қақтығысқа барғанын анық көруге болады. Бейнероликтің соңында суық қарудың бірнеше рет атылғаны да естіледі. Оқ тиеді деп қорықса керек, төбелеске қатысушылардың бір жағы түгел қаша жөнелген.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасына хабарластық. Кезекші бөлімде отырған полицейлер қақтығыстың расымен де орын алғанын айтып отыр. Алайда, нақты себептері мен салдары туралы ақпараттың жоқтығын айтты.

ЕСКЕРТУ: бейнероликте бейәдеп сөздер кездеседі.

Бейнеролик Facebook әлеуметтік желісінен алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары