$ 498.34  519.72  4.85

Г.Бобокулова 4 жасар қызды Путиннен кек алу мақсатында өлтіргенін айтты (ВИДЕО)

Мәскеуде 4 жасар қызды өлтіріп, басын кесіп алды деп айыпталып жатқан өзбек Гүлчехра Бобокулова осынау қылмысқа қасақана барғанын айтты. Интернет желісінде пайда болған бейнероликте күдікті әйел Сирияны бомбалағаны үшін Путиннен кек алғанын ашық айтып отыр. Бейнероликті кім және қашан түсіргені белгісіз.

Бейнекамера алдында сұраққа жауап берген өзбек әйел: "Путин әуеден бомбалап жатыр. Сендер неге мұсылмандарды атқылайсыңдар, неге ешкім бұған жауап бермейді? Олар да өмір сүргісі келеді, қараңызшы, кішкентай балалар ғой бәрі..." деп, өз әрекетін ақтамақ болады.

Естеріңізге салайық, 29 ақпан күні Мәскеуде бала күтушісі болып жұмыс істеген Гүлчахра Бобокулова өз қарауындағы 4 жасар қызды өлтіріп, оның басын кесіп алған болатын. Сондай-ақ, қылмысын жасыру үшін ол жәбірленуші тарап тұрған үйді өртеп кеткен. Метро маңында күдіктіні полицейлер ұстады. Ол қолына сәбидің басын алып, көше ортасында өзін жарып жіберемін деп айқайлаған.

Сот-медициналық сараптама әйелдің қанынан психотропты заттар тапты. Яғни, ол қылмыс жасаған тұста есірткі пайдаланған болуы мүмкін.

Ал, құқық қорғау органдары болса Бобокулованы адам өлтіруге өзге біреулердің итермелегенін айтып отыр. Олар қазір іздеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары