$ 498.34  519.72  4.85

Қызылордалық жастар Абай жолын оқудан жарысуда

«Абай жолы» романын кезек-кезегімен оқыған желі қолданушылары шығарманы соңғы оқылған жерден бастап жалғастырып отыру керек.

Қызылордалық әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Абай жолын бірге оқиық» атты челлендж жүріп жатыр. Онлайн түрде ұйымдастырылып жатқан кітап оқу шарасына аймақ жастары белсене атсалысу үстінде. 

«Абай жолы» романын кезек-кезегімен оқыған желі қолданушылары шығарманы соңғы оқылған жерден бастап жалғастырып отыру керек. Бұл жолы «Болашақ» университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті Нұрдәулет Дайырбек фейсбук әлеуметтік желісі арқылы туындыдан үзінді оқып берді.

«Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда!
Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.

Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді.

Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің!» деген екен Құнанбай атамыз ұлына, яғни, Абай атамызға. Десе де, Абай атамыз тапқырлықпен, шешендікпен жауап қайтарады. Әрине, жалғасы бар. Барлығын оқысам, видео ұзақ болып кетер еді. Әрі қарай сіздер оқыңыздар! – деп университет қабырғасындағы достарына «Абай жолын бірге оқиық» челленджін жолдады ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары