$ 498.34  519.72  4.85

Еліміздегі өрт қаупінің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Аталған өрт алаңы 2347,8 га, оның ішінде, орман алаңы 287 га, ормансыз алаңы 2060,8 га болып отыр.

Көктем мезгілі табиғаттың тосын құбылыстары мен төтенше жағдайларға толы болатыны белгілі. Осы орайда еліміздің аймақтарында көктем мезгілінің екінші айында бірнеше өңірде қызыл жалынның қаупі туралы деректер тіркелді. Бұл өрт қауіпті кезеңнің басталуы құрғақ өсімдіктердің өршуіне байланысты тіркелген өрт саны өсті. Өрттің шығуының негізгі себептері құрғақ шөптерді жағу, түрлі орындарда қоқысты өртеу болып отыр, - деп хабарлайды Sn.kz.

Біз осы орайда аймақтарда тіркелген өрт қаупімен жергілікті Төтенше жайғдайлар департаменті қалай күресіп жатыр деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Мәселен, Түркістан облысында көтем басталғалы 14 өрт тіркелген. Аталған өрт алаңы 2347,8 га, оның ішінде, орман алаңы 287 га, ормансыз алаңы 2060,8 га болып отыр. Осы орайда осы жылдың 15 сәуірінде облыс аумағында орман-дала өрттерінің алдын алу бойынша ТЖК отырысын өткізу жоспарланып отыр. 

Түркістан облысы Төтенше жағдай департаменті орман өрттерін болдырмау үшін елді мекендер шекараларында ені 7 м минералды жолақтарды жырту бойынша бірқатар іс-шараларды орындау, елді мекендер аумағын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, құрғақ шөптен тазарту, сондай-ақ сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету қажет. Осы орайда төтеншеліктер өрт ошағы анықталған жағдайда 101 немесе 112 телефоны бойынша дереу хабарласуыңызды сұрайды. Сонымен бірге, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақыра отырып, мынадай тәртіпке шақырды. Мәселен, сөндірілмеген темекіні және сіріңкені шөпке тастамау, ғимараттар мен құрылыстардың жанында, сондай-ақ орман-саябақ аймақтарында от жақпау, көшеде тасталған шөлмектерді, сынған шыныларды қалдырмау, тағам дайындауға арналған мангалдарды және басқа да құралдарды пайдалануға және майланған немесе бензин, керосин және басқа да жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыруға болмайды. Осы және басқа да қатаң талаптарды ұстанған жағдайда өрт қаупінің алдын ала аламыз. 

Дәл осындай өр қауіпсіздігі фактілері Қызылорда қаласында да тіркелді. Арай ықшам ауданында Сырдария көшесі №4 тұрғын үйдің ауласында қураған шөптің, әжетханасының, 3 дана жеміс ағашының жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен. Шақырту орнына жедел жеткен Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы барлау жұмыстарын жүргізді. Аталған өрт оқиғасы қатты жел салдарынан Сырдария және Арай көшелерінде көршілес орналасқан 12 жеке тұрғын үйдің аулаларындағы жеміс ағаштары, әжетханаларына көшіп жанған. Өртті дер кезінде сөндірген Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 13 қызметкер 4 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмыс істеді. 

Сондай-ақ, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 263 га астам алаңда, 53 жану оқиғасы тікелген. 

Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары «СҚО аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарын» бекітті. Бұл жердегі негізгі мақсат табиғи өрттердің алдын алу және жою болып отыр. Ал орын алған өрт жағдайларын жою үшін Солтүстік Қазақстан облысында 27 бөлімше бар. Ал мемлекеттік орман мекемелерінде 19 орман өрт сөндіру станциясы, мониторинг жүргізу үшін 26 өрт-бақылау мұнарасы, сондай-ақ 16 интерактивті бейнебақылау кешені жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы органдар 36 өрт сөндіру бекетін құрды.

Сонымен бірге Павлодар облысында да 21 өрт және 67 өртену оқиғасы тіркелген.  Мәселен, Ақсу қаласының ауылдық аймағына қарасты Қызылжар ауылының маңындағы өрт болған. Ол жерге жақын жерде жалпы ауданы 20 га құрайтын төрт бөлек учаскеде құрғақ шөп жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру жұмыстарына Қызылжар ауылының ерікті өрт сөндіру құрылымдары мен №12 өрт бекетінің қызметкерлері қатысты. 

Сонымен қатар, Ақсу қаласы мен Қаракөл ауылының маңында да өрт шықты. Дегенмен елді мекендерге ешқандай қауіп төнген жоқ, аталған өртті ауыздықтауға Достық ауылының өрт сөндіру бекеті қатысты.

Сол сияқты Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті саяжай кооперативтерінің аумағында өрттерді болдырмау үшін, саяжайлар мен бау-бақша үйлерін пайдалану алдында келесі іс-шараларды орындау қажет екенін ескертті. Оның ішінде саяжай құрылыстарына іргелес жатқан аумақты үнемі қоқыстан, қалдықтардан және басқа да жанғыш материалдардан тазарту, оларды арнайы алаңдарда жинау керегін түсіндіріп отыр. Осы орайда облыстық төтеншеліктер электр сымдарын, электр жабдықтарының және жылыту құралдарының жарамдылығын мұқият тексеру, оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды. Әсіресе саяжайларда, ауылдық елдімекендерде, бау-бақша серіктестіктерінде, саяжай кооперативтері және кәсіпорындарда жергілікті атқарушы органдар, бау-бақша серіктестіктері, саяжай кооперативтерінің басқармалары, кәсіпорын басшылары өртке қарсы ерекше режим белгілейді және өрттің шығу қаупін төмендету бойынша қосымша шаралар қабылдайды, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу, орман алқаптарына автомотокөліктің кіруі, сондай-ақ, өрт сөндіру мақсатына бейімделген техниканы пайдалануға дайындау бойынша шектеулер енгізіледі.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті саяжай кооперативтерінің басшыларына саяжай иелерінің мүлкі мен өмірі тұрғындардың өзіне байланысты екенін ескертіп отыр. 

Айта кетейік, далалық жұмыстарға тартылатын тұлғаларға орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау берілуі тиіс. Далалық жұмыстарға тартылатын техниканы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет. Алдағы от жағу туралы азаматтық қорғау бөлімшелеріне (қалалар мен аудандардың ТЖ басқармалары мен бөлімдеріне) хабарлау қажет.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары