Жаңалықтар 01.05.2020 сағат 22:50

«Ешкім де ауру емес»: карантинде жатқан оралдық науқастар аурухананың есігін бұзып шықты

Олардың айтуынша, мұнда ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздап жатқан жоқ.
«Ешкім де ауру емес»: карантинде жатқан оралдық науқастар аурухананың есігін бұзып шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оралда коронавирус жұқтырған науқастар жұқпалы аурулар ауруханасың есігін бұзып шығып, далаға лап қойды. Кеселден аман екенін айтқан 30-ға тарта ер адам үйге жіберуді талап етті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

- Ешкім де ауру емес, ешкім бізді қарамайды. Мұнда ешкім жоқ, бастықтар жоқ.

Науқастар: «Дәрігерлерге сенбейміз», - дейді. Олардың айтуынша, мұнда ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздап жатқан жоқ. Сондықтан төрт қабырғаға тектен-тек қамалып отыр екен. Аулаға шығып, медқызметкерлердің айтқанына көнбей қойған соң, полиция шақыруға тура келген. Тәртіп сақшылары аурухана айналысын қоршап, айқайға  басқандарды бір сағатта әзер сабасына түсірді. Дәрігерлердің айтуынша, бұлардың көбінде ауру белгілері жоқ. Бірақ ағзаларында вирус бар. Ал осы әрекеттері арқылы кеселден айығып келе жатқандары қайтадан вирус жұқтыру қаупін арттырған. Айта кету керек, шу көтергендердің дені – Оралға Ресейден вахталық жұмыстан оралғандар.

Надия Ахметова Орал қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры:

- Олардың бүгінгі жасаған әрекеттері өте қауіпті. Біздің қызметкерлерімізге, айналадағы жұртқа. Неге десең, олар әлі ауыратын науқастар. Ағзаларынан вирус кеткенде ғана сау адам деп саналады. Оның өзінде де, шыққаннан кейін үйінде тағы 21 күн карантинде отыруы керек. 21 күн өткеннен кейін ақтық тексеріс жасалады. Сонда теріс деп шықса, онда болды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар