$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда газ баллондар қоймасы өртенді

Өрт ауыздықталды.

Жетісу ауданындағы Ратушный көшесі, 78 "б" мекен жайында газ баллондар қоймасы өртеніп, өрт көрші тұрған үйлер мен басқа цистернаға ұласа жаздады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Төтенше жағдай күштері мен өрт сөндіру көлігі өте жоғары қауіптегі өртті сөндіруге жұмылдырылды. Өйткені газ қоймасы өртеніп, газ баллондар қабырғаны тесіп, атқылған", деп хабарлайды Алматы ТЖД.

Жалпы ауданы 150 шаршы метр қоймада газ баллондардың бірнешеуі жарылып, атылған.

Сұйылтылған газы бар 100 шақты баллонның жарылуы және өрттің тұрғын үй секторындағы көрші ғимараттарға ұласу қаупі болды.

Өрт ауыздықталды. Қазіргі уақытта жеке секторға төнген ешқандай қауіп жоқ.

Өрт сөндірушілер өрттен шыққан баллондарды салқындатып, босатып, ішіндегі сұйықтықты төгіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#газ баллон