Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде "Елбасының мәлімдемесі" деп аталатын видео таралып жатқанын айтып, оның жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дегенмен, ол нақты қандай видео және онда не туралы айтылғанын жазбаған.
Мәселен ол, «Елбасының мәлімдемесі» деген атаумен таралып жатқан видео жалған екенін хабарлағым келеді. Құйтырқылар (жалған ақпарат таратушылар) жауапкершілікке тартылады. Сіздерді осындай сілтемеларден сақ болуға шақырамын және ақпараттарды ресми дереккөздері арқылы тексерулеріңізді сұраймын", - деп Twitter парақшасында қысқа әрі нұсқа пост жариялады.
Ал желі қолданушылары болса, оның бұл мәлімдемесін түсінбей әлекке түсті.
Олар "Қандай мәлімдеме, ол не туралы? Қандай тақырыптағы жалған ақпарат?", "Қандай ақпараттың жалғандығы жайлы айтып тұрсыз?", - деп баспасөз хатшысының жазбасының астына бірнеше сұрақты қатарынан қойды. Алайда, оның жазбасының астынан желі белсенділерінің сұрағына жауап бергенін көре алмадық.
Осы орайда, БАҚ-ы Айдос Үкібай меңзеген "Видеода қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің отставкасы туралы мәлімдейді" деп жазуда.