$ 498.34  519.72  4.85

Түркияда қайтыс болған қазақ қызының денесі елге жеткізілді

Кейін марқұмның денесі көлікпен Қостанайға жеткізілген.

Түркияда мерт болған қазақстандық Олеся Суспицинаның денесі Қостанайға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаза тапқан қыздың құрбысы Ольга Кравчуктың айтуынша, Олеся Суспицинаның денесі 2 мамырда Алматыға жеткізіліпті. Ал 3 мамырда Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі бойынша бағыт ашылған болатын. Кейін марқұмның денесі көлікпен Қостанайға жеткізілген.

Төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты жәрлеу рәсіміне қатысатын адамдардың санына шектеу қойылыпты.

"5 мамыр, сейсенбі күні жәрлеу рәсімі өтеді. Оған тек марқұмның жақындары мен туыстары қатысады. Карантин режимі аяқталған соң, жерлеу орнына марқұммен қоштасқысы келетіндерге арнайы автобус ұйымдастырылады. Өкінішке қарай, қазіргі таңда басқа амал жоқ", - дейді Ольга Кравчук.

Сондай-ақ, ол Олеся Суспицинаның денесін елге жеткізуге көмекстендерге алғысын білдірді.

Еске салайық, осыған дейін Түркияда қазақстандық қыздың жартастан құлап, мерт болғанын хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мәйіт