$ 449.58  486.94  4.86

Дәурен Абаев қызметінен босатылды

Ол 2016 жылғы 6 мамырдан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі болды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттің Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР-ның ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.

"Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын", - делінген ресми хабарламада.

Ол 2016 жылғы 6 мамырдан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі болды.

 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы" кітабының (2010) авторларының бірі. "Құрмет" ордені, "Астананың 20 жылдығы" мерейтойлық медалімен марапатталған және "Парасат" орденінің кавалері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Дәурен Абаев