Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президенттің Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР-ның ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.
"Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын", - делінген ресми хабарламада.
Ол 2016 жылғы 6 мамырдан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі болды.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы" кітабының (2010) авторларының бірі. "Құрмет" ордені, "Астананың 20 жылдығы" мерейтойлық медалімен марапатталған және "Парасат" орденінің кавалері.