$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев пен Жээнбеков екі ел арасындағы заңсыз тауар тасымалына жол бермеуге келісті

Телефон арқылы сөйлесуге Қазақстан тарапы бастамашы болды.
фото: akorda.kz
фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер коронавирус індетінің таралуын болдырмау жөніндегі екі ел үкіметтерінің атқарған тығыз әрі жүйелі жұмысына және туындаған барлық мәселелердің жедел шешілгеніне оң баға берді.

Сооронбай Жээнбеков  Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Біз бауырлас қазақ халқының ізгі ниетін және Сіздің жеке қолдауыңызды әрдайым сезінеміз", – деді Қырғызстан Президенті. 

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау үшін бірлескен іс-қимылдар қажет екенін атап өтті.

Соның ішінде шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмыс режимін талқылап, коронавирус пандемиясы аяқталғаннан кейін оның толыққанды жұмысын қайта қалпына келтірудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы заңсыз тауар тасымалына жол бермеу үшін нақты шараларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Тараптар инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайту мақсатында Қырғызстандағы қазақстандық компаниялардың жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселеге ерекше мән берді.

Телефон арқылы сөйлесуге Қазақстан тарапы бастамашы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары