$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирусқа ПТР әдісімен тест жасату құны арзандады

Зертханалардағы барлық зерттеулер азаматтардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

ПТР әдісімен коронавирусқа ақылы тест жасату құны арзандады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа тест тапсыруға болатын желі кеңейтілді. Талдау құны 10 мың теңгені құрайды,бұл жеке клиникалардағы бағадан екі есе төмен.

Ұлттық ғылыми медициналық орталықта қалыптасқан жағдайға әлеуметтік жауапкершілік таныту қажеттігін атап өтті. Әуе тасымалы арқылы сапарларын жоспарлаған азаматтар COVID-19 коронавирустық инфекциясына теріс нәтижелі ПТР-тестті (полимеразды тізбекті реакция) өткендігі туралы анықтаманы өзімен бірге алып жүруге міндетті. Covid-2019 жұқпасының болмауы туралы анықтама алған күннен бастап 7 күнге жарамды болады.

Зертханалардағы барлық зерттеулер азаматтардың қаражаты есебінен жүргізіледі. 

Қойылған талаптар: санитарлық талаптарды қатаң сақтау, жолаушылардың саны аз болу қажет, ара қашықтықты сақтау маңызды.

Дереккөз: Baq.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары