$ 494.87  520.65  4.91

«1,2 млн адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр» - Еңбек министрі

Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыспен қамту және халықтың экономикалық белсенділігін сақтаумен қатар, инфрақұрылымды жақсарту ел экономикасын қалпына келтіру жайлы айта келіп, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында жобаларды іске қосуды бастау қарқыны жақсы екенін атап өтті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгінгі Үкімет отырысында Жұмыспен қамтудың жол картасында 6,5 мың инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделгенін айтты. Осының нәтижесінде 255 мың жұмыс орны құрылады.

«Жалпы, барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған, оның ішінде 235 мың тұрақты жұмыс орны құрылады», - деді Еңбек министрі.

Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыспен қамту және халықтың экономикалық белсенділігін сақтаумен қатар, инфрақұрылымды жақсарту ел экономикасын қалпына келтіру жайлы айта келіп, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында жобаларды іске қосуды бастау қарқыны жақсы екенін атап өтті. Премьер-министрдің айтуынша, Қызылорда облысы, Алматы және Шымкент қалалары бұл ретте артта қалып келеді.

«Өңірлердің әкімдіктеріне инфрақұрылымдық жобаларды толық іске асыруды бастауды, оның ішінде отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің негізгі көлемінің отандық болуын тапсырамын. Барлық бөлінген қаражат экономикаға жұмыс істеуі тиіс», - деді А. Мамин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары