$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде лайға батқан автобус жолаушылары терезеден шығуға мәжбүр болды (ВИДЕО)

8 наурыз күні Ақтөбедегі Молдағұлова көшесінде №21 бағыттағы жолаушылар автобусы лайға батып, тұрғындарды әбігерге салып қойды деп жазады "Диапазон" порталы.

Келеңсіз жайтты бейнкамераға түсіріп алған куәгерлер оны интернет арқылы таратты. Онда батпаққа әбден батып қалған автобустың терезесінен жолаушылардың секіріп түсіп жатқанын аңғаруға болады.

"8 наурыз. "Дина" гипермаркетіне қарама-қарсы жол жабық, көліктер айналып өтуде. Автобус лайға тығылып қалды, жолаушылары терезесінен түсті" делінген әлеметтік желілердің бірінде.

Айта кету керек, Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі әйелдердің барлығы бір күн бойы автобуста тегін жүрсін деген бұйрық шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары