$ 443.37  474.49  4.83

ШҚО-да ірі жол апаты орын алып, 3 адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында ірі жол көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан үш адам қайтыс болды. Олардың бірі көлік жүргізуші әйел және екі жолаушы деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға қарлы бораннан кейін көру мүмкіндігі төмендеуінің салдарынан орын алған. Апатқа ұшыраған қос көлік Көкпекті ауданының орталығы мен Қалбатау ауылының арасында жүріп келе жатқан. Полицейледің алдын ала жасаған болжамы бойынша, Toyota Camry көлігін мінген 33 жастағы әйел тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен және Toyota LS 200 көлігімен соқтығысқан.

"Көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Camry жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Осы көліктің тағы бір жолаушысы мен пикапта болған екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. ҚР Қылмсытық кодексінің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргіілуде" деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары