Оңтүстіктің полиция қызметкерлері бала сату фактісін әшкереледі, деп хабарлайды аймақтық портпл Оtyrar.kz.
Сайрам ауданында тұратын 20 жасар Өзбекстан азаматшасы полициядан көмек сұрап, жаңа туған сәбиін өзімен бірге тұратын отандасы тартып алғанын айтқан.
Жедел іздестірген тәртіп сақшылары 25 жасар тағы бір Өзбекстан азаматшасын қолға түсірді. Ол жәбірленушімен бір бөлмеде тұрып келген. Сезіктіні тінтіген тәртіп сақшылары одан 45 мың теңгені тәркілеп алды.
Бұған қоса сәби туылған перзентхананың гинеколог-дәрігері де тұтқынға алынған. Ол көрші ел азаматшасынан баланы 75 мың теңгеге сатып алып, шақалақты өзінің танысына беріп жіберген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысындағы соңғы жыл ішіндегі бала сату бойынша үшінші оқиға болып отыр.