ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Израиль мен Палестина аумақтарындағы жағдай бойынша ақпараттық хат таратты. Бұл аумақтардан алшақ болуға кеңес береді, деп хабарлайды Skifnews.kz ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Газа аймағындағы жағдайға байланысты ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті мен ҚР СІМ Израиль және Палестинада жүрген қазақстандық азаматтарға бұрын айтқан ұсыныстарын қайталай отырып, қарулы қақтығыс болып жатқан жерлерден және атыс болуы ықтимал орындардан, әсіресе Газа секторына жататын аумақтан алшақ болуға кеңес береді», делінген хабарламада.
Осыған байланысты ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті барша қазақстандықтарды абай болуға және мұқияттылық танытуға шақырады.