07.05.2020, 08:10

7 мамырға арналған ауа райы шаңды дауыл, жаңбыр, жел болады деп болжануда

фото: azattyq-ruhy.kz
Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктер 7 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты, кей жерлерде жаңбыр жауады.

Ал оңтүстік-батыста күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел қарқыны – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Алакөл ауданында секундына 23 метр жылдамдықпен жел еседі. Атырау, Жамбыл, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.