08.05.2020, 05:08

«Мен оларды қашанғы күтуім керек?!»: Головкин келесі қарсыласының есімін атады

Фото: ашық дереккөз
Сондай-ақ Головкин мексикалық боксшы Сауль Канело Альвареспен неліктен үшінші рет кездесуге шықпағанын айтты.

IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Sports Illustrated-ке берген сұхбатында келесі қарсыласының атын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин коронавирус пандемиясынан кейін IBF тұжырымдамасына үміткер Камил Шереметамен жекпе-жек өткізбек.

"Мен бұл шешімді коронавирусқа дейін қабылдағанмын. Менің жекпе-жегім Шереметамен өтеді. Мен өз сөзімде тұрамын. Айналадағы жайт қалыпқа келгенде мен бұл кездесуді бірінші болып өткізбекпін", - деді Головкин. 

Сондай-ақ, Головкин мексикалық боксшы Сауль Канело Альвареспен неліктен үшінші рет кездесуге шықпағанын айтты. 

"Мен әрдайым істің екі жағы барын айтқым келеді. Олар жалпы бұл кездесуден қыркүйекте қашқақтады. Олар 2020 жылдың мамырында шыққысы келмеді. Сондықтан мен өз жолыммен кеттім. Менің өз мансабым бар, сосын: "Мен оларды қашанғы күтуім керек?" деп ойладым", - дейді боксшы.