$ 443.85  474.3  4.8

«Бұл – бүгінгі бейбіт өмірімізге жол ашқан аға буынға көрсетілген ерекше құрмет» - Мәулен Әшімбаев

Елімізде соғыс оты шарпымаған әулет жоқ. Қан майданға аттанған қазақстандықтардың жартысы елге оралмады.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол facebook-тегі парақшасы арқылы көпшілікке ақ тілегін жаудырып, Отанды қорғау жолында қаза тапқан ерлердің рухына тағзым ететіндігін жеткізді. 

"Құрметті достар! Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын!

Бұл – өршіл рух пен өшпес ерліктің мерекесі. Жеңіс күні бекем бірліктің және ерен еңбектің жарқын символы саналады. Біз үшін айтулы мейрамның маңызы айрықша зор.

Елімізде соғыс оты шарпымаған әулет жоқ. Қан майданға аттанған қазақстандықтардың жартысы елге оралмады. Сол кезеңде 500-ден астам отандасымыз Кеңес одағының батыры атанып, қайсарлық пен жанқиярлықтың озық үлгісін көрсетті. Тыл еңбеккерлері де Ұлы Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан біз әрдайым ардагерлерімізді ардақтап, Отан үшін опат болған ерлердің рухына тағзым етеміз.

Таяуда Мемлекет басшысы ардагерлердің, ең алдымен, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін жаңа заңға қол қойды. Бұл – бүгінгі бейбіт өмірімізге жол ашқан аға буынға көрсетілген ерекше құрмет. Біз әкелеріміз бен аталарымыздың жанкешті ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Қазіргідей күрделі кезеңде де ешбір ардагер елеусіз қалған жоқ.

Мерекемен құттықтай отырып, майдангерлерімізге зор денсаулық және бақ-береке тілеймін! Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - деді Мәулен Әшімбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары