$ 446.49  475.38  4.79

Карантиндегі құттықтау: Өскемен шенділері майдангерлерге гүлді дронмен жеткізді (ВИДЕО)

Кейін терезе түбінде «Мерекеңізбен» жазуымен флэшмоб ұйымдастырып, дауыс зорайтқыш арқылы құттықтау лебіздері мен алғыстарын жеткізді.

Таяуда ғана тараздық еріктілер соғыс ардагерлерін көпқабатты үйдің терезесіне автокран арқылы көтеріліп құттықтаған еді. Енді міне, Өскемен сақшылары олардан асып түсіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шенділердің оқалы киім киген жергілікті майдангерді Жеңіс күні мерекесімен ерекше құттықтағанын арнайы түсірген видеосы бар.

«Өскемен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері карантин режиміне қарамастан, соғыс ардагерлерін 9 мамыр мерекесімен үйлеріне барып құттықтаудың креативті жолын тапты», – делінген қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл ретте, полиция қызметкерлері майдангер үйінің терезесіне гүл шоғын дронға байлап жеткізді. Кейін терезе түбінде «Мерекеңізбен» жазуымен флэшмоб ұйымдастырып, дауыс зорайтқыш арқылы құттықтау лебіздері мен алғыстарын жеткізді.

Тағы оқи отырыңыз: Карантин: тараздық еріктілер ардагерлерді құттықтау үшін балконға автокранмен көтерілді

Ол шағын шараның видеосы Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәуір Ибраевтың Instagram парақшасында да тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары