Ресейдің Бірінші арнасы мен НТВ телеарнасының өтірігі тікелей эфирде әшкере болды. Аталған телеарналарда бір уақытта көрсетілген бағдарламалардың сарапшылар құрамы бірдей болған.
Бірінші арнаның «Время покажет» жобасы мен НТВ-ның «Место встречи» ток-шоуы бір уақытта қатар көрсетілген және екеуі де «тікелей эфирден» таратылған. Қызығы сол, қос бағдарламаға төрелігін айтып, пікірін білдірген сарапшылардың құрамы бірдей. Тіпті, олардың киімдері де сол күйі.
Аталған сарапшылар Бірінші арнада актер Валерий Николаевтың қылығын әңгіме қылса (жол көлік оқиғасын ұйымдастырған), дәл сол құрам НТВ телеарнасында Сириядағы бейбітшілік туралы пікірлерімен алмасты.
«Время покажет» ток-шоуының жүргізушісі Петр Толстойдың іс-әрекетіне қарағанда Бірінші арнадағы бағдарлама расымен де тікелей эфирден таратылған. 13 минутта жүргізушінің құлағындағы аппаратқа жоба продюсері эфирде отырған Дума депутаты Михаил Старшиновты НТВ телеарнасы да тікелей эфирден көрсетіп жатқаны туралы айтқан айтқан. Яғни, дәл осы уақытта депутат НТВ-да Сириядағы жағдайға алаңдаушылығын білдіріп жатқан еді. Қос ток-шруда да Старшинов бірдей киімде болған.
Сондай-ақ, Аймақтық жобалар мен заң шығару институтының президенті Борис Надеждин, РҒА АҚШ пен Канада институтының қызметкері Геворг Мирзаян және америкалық журналист Майкл Бом да қос телеарнадан бір уақытта тікелей эфирден пікірлерімен бөлісті.