$ 447.4  477.55  4.76

Карантинге байланысты коммуналдық қызметке өтемақы беру ережесіне өзгерістер енгізілді

Бұдан өзге, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлем кімдерге берілетіні белгілі болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 9 мамырында карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығы).

Бұйрыққа сәйкес, белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілген. 

 Мысалы:

- 1, 2, 3 топ мүгедектері;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көп балалы отбасылар;
- ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

Бұдан өзге, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары