$ 494.87  520.65  4.91

«Құралайдың салқыны» келіп жетті»: министр қазақ даласындағы киіктердің санын жариялады

«Табиғат өз перзентіне мейірімін төгіп, маң даладағы киік саны көбейе түседі деп үміттенемін», - дейді ол.
фото: batys.ortcom.kz
фото: batys.ortcom.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасына Қазақстандағы киіктердің былтыр есепке алынған санын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Табиғат заңы ешқашан өз дəстүрінен жаңылған емес. Дəл осы кезең киік төлдеп, құралайын өргізетін сəт. Мамырдың басында басталып, бірнеше аптаға созылатын, қазақ айтатын «Құралайдың салқыны» келіп жетті. Өткен жылы сайын даламызда 335 мың киік есепке алынды. Өкінішке қарай, биыл киік санын əуеден көктемгі санау төтенше жағдай режиміне байланысты кейінге шегерілді. Бұл жұмыс күзде жалғасады», - дейді министр.

Оның айтуынша, қазір инспекторлар киік төлін өргізетін жерлерді айрықша қорғауға кіріскен.

«Күш құрылымдарымен бірге браконьерлікті болдырмау мақсатындағы «Киік» кең ауқымды акциясы іске асырылуда. Мамандар да ақбөкендердің хал-ахуалын жіті қадағалап отыр. Табиғат өз перзентіне мейірімін төгіп, маң даладағы киік саны көбейе түседі деп үміттенемін», - дейді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#киік #Құралай