$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда прокуратураның жалған қызметкері зейнеткерді сабап, тонап кетті

Павлодар тұрғыны полицейлерге өзін прокуратура қызметкерімін деп таныстырған адамның ұрып, тонап кеткендігін мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақпарат» облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жапа шеккеннің сөзіне қарағанда, ол үйіне оралғанда кіреберісте оған бейтаныс ер адам ілескен. Ол көрші пәтердің қоңырауын басқан, алайда ешкім ашпаған. Кенеттен әлгі зейнеткерді пәтеріне итере кіріпті. Артынша өзін прокуратура қызметкерімін деп таныстырып, қызметтік куәлігін көрсеткен. Ашуға мінген ол зейнеткерді бетінен ұрып, ақша талап еткен. Жапа шегуші оған пакетті ұсынғанда ішінен 500 теңгелік купюра жерге түскен. Тонаушы оны көтеремін дегенше, зейнеткер әйел сыртқа шығып үлгерген де дереу көршісінің есігін қаққан.

Шу шыққаннан қорыққан ер адам, бірден ізін суытқан.

Тәртіп сақшылары бұл іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы Павлодар тұрғынын құрықтады. Еш жерде жұмыс істемейтін азамат бұрын тонау бойынша істі болған.

Оның үстінен тонау және билік өкілі атағын өздігінше тағайындау фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары