$ 498.34  519.72  4.85

Абай мен әл-Фараби мұралары кеңінен зерттелуде

Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз.
фото: kazus.kz
фото: kazus.kz

Биыл қазақтың екі бірдей ұлы алыбы – Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойлары. Олар жастардың білімпаз, данышпан болуын армандап, өздері танып-білген маржан ­ойларын ұрпаққа мирас етіп қалдырды, деп жазады Sn.kz.

Әл-Фараби: «Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззәт іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек» деп аманаттайды.

Абай Құнанбаев:
Талап қыл артық білуге,
Артық ғылым кітапта.
Ерінбей оқып көруге, – деп өсиет етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласындағы: «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау ­жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» деген сөздері мені сонау алыс жылдарға ­жетелеп барып, қолыма қалам алғызды. Содан бері де он бес жылдың жүзі болыпты. Бірақ құнды ойлар көнермепті.

Тәуелсіз Қазақстан Абай тұлғасын жан-жақты игеруге қам жасауда. Осы орайда негізгі салмақ білім саласына түсетіні белгілі. Республикамыздың жоғары оқу орындары қазіргі кезде арнайы оқу бағдарламасына Абайтану курсын енгізіп, ұлт ғұламасының еңбектерін зерттеп, насихаттау ісіне үлес қосып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласында: «Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған. Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.

Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз.

«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы пер­зентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл біздің әрқайсымызды терең ойландыратын сөз. Мені де тебіреткені, өткен жайларды еске алуыма түрткі болғаны анық.

«Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды» деген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөз астарында кәсіби дипломат, тереңнен толғайтын ғалымның толғанысы жатқаны анық байқалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары