$ 439.43  473.31  4.82

Жамбыл облысында көліктер кортежі жол ережесін өрескел бұзды (ВИДЕО)

Жол талғамайтын қымбат көліктерден тұратын кортеж жолдың қарсы бетіне шығып, апат туғызуға сәл қалды. Оқиға Жамбыл облысында орын алған деп жазады Tengrinews.kz.

Кортеждегі қымбат көліктер мен олардың заңды белден басуына қарағанда "қуаныш иесі" өңірдегі беделді тұлғалардың бірі болуы мүмкін. Бейнероликті куәгерлердің бірі түсіріп, интернетке жүктеген. Онда үш Toyota Land Cruiser, Porsche Cayenne, Lexus LX 570 және BMW X5 көліктері жолды түгелдей дерлік жауып, қарсы бағытта келе жатқан көліктермен соқтығысуға сәл қалғанын аңғаруға болады.

Оқиға наурыз айының басында орын алған. Әзірге құқық қорғау органдары бұл жайтқа қатысты ешқандай мәлімдеме берген жоқ. Ал, бұған дейін шымкенттік полицейлер Lada Priora көліктерінен құралған кортежді ұстап, жүргізушілерін заң аясында жазалаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары