$ 448.15  483.46  4.86

14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігімен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болса, таулы аймақтарда нөсер жауын болады, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел соғады, күші 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл көлінің аймағында жел соғады, жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман байқалады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз тұман, көктайғақ болады, көптеген бөліктерінде жел 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары