15.05.2020, 11:40

«Тест қорытындысы қандай болатыны белгілі»: танымал адвокаттың әйелінен COVID-19 расталды

Ол балаларымен бірге Covid-19 тестін тапсырды.

Адвокат Джохар Өтебеков әйелі коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ол балаларымен бірге Covid-19 тестін тапсырды. Сынама қорытындысы әлі шыққан жоқ, деп жазады sputniknews.kz.

"Әйелім тапсырған тест COVID-19 жұқтырғанын растады. Ол инфекциялық модульде жатыр. Мен екі баламызбен 1-ші ауруханадамын. Кеше тест тапсырдық. Қалалық денсаулық сақтау бөлімі анализдерді бүгін нақтылайды деп сенемін. Бірақ онсыз да тест қорытындысы қандай болатыны белгілі", - деп жазды Өтебеков Facebook парақшасында.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрінің бұрынғы  орынбасары Қамалжан Надыров коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Тест қорытындысы 21 сәуір күні шықты. 22 сәуірде ол Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі қызметіне кірісуі тиіс болатын.

Тегтер: коронавирус