$ 494.87  520.65  4.91

Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарда балық аулауға тыйым салынды

Қазіргі уақытта осы ауылдардағы шибөрінің санын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олжаланған шибөрілер аудандық ветеринария бөлімшесіне өткізілетін болады.
фото: baribar.kz
фото: baribar.kz

Мақтаарал ауданындағы топан су басқан елді мекендерде балықтың жаппай қырылуын болдырмау және оларды құтқару мақсатында сарқынды суды каналдарға қуу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде мамандар8767 текше метр суды каналдарға жіберіп үлгерген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Көлшіктердегі балықтардың жарамдылығын тексеру үшін Шымкент қаласындағы сараптама орталығына 3 дана сазан мен 1 дана дөңмаңдай түрі жөнілтіліпті.

Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбай мәлім етті.

Бөлім басшысының айтуынша, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары су басқан ауылдарда тәулік бойы жұмыс істеуде. Ондағы мақсат – тұрғындардың балық аулауына тиым салып,улану фактілерінің алдын алу.

«Біз 12 мамыр күні су басқан елді мекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтау мақсатында 3 дана сазанды ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы зертханасына жолдадық. Бұдан бөлек, 3 дана сазан мен 1 дана дөңмаңдай балығын Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау басқармасына да жөнелттік. Сараптама қорытындысы алдағы аптада дайын болады. Соған дейін тұрғындардыңсарқынды судан балық аулауына тыйым салынады», - дейді Шәкен Боранбай.

Топан су кезінде үй жануаларының өлексесі көбеюіне байланысты осы аумақтарда өлекселермен қоректенетін шибөрілердің саны көбейген.Осыған орайҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы «Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы» №480 бұйрығына сәйкес тегіс ұңғылы 12 калибрлі аңшы қаруы әзірленіп,45 мың теңгеге 300 дана оқ-дәрі сатып алынған. Қазіргі уақытта осы ауылдардағы шибөрінің санын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олжаланған шибөрілер аудандық ветеринария бөлімшесіне өткізілетін болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары