Ақтауда 2015 жылы туған баланың ішінен үйдің кілті алынды, деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық балалар ауруханасының хирургы Орынбай Жалбайұлының және «SOFIE MEDGROUP» клиникасының эндоскопист дәрігерінің бірлесе отырып жасаған жұмысының арқасында 5 жасар баланың ішінен кілт алынған.
Ата-анасының айтуынша, кілт баланың ішінде 10 күндей болған. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты.