$ 498.34  519.72  4.85

Ресейлік үш қызды зорлаған АҚШ тұрғыны 150 жылға сотталды

Ресей мен АҚШ-тың азаматтығына ие Лос-Анджелес тұрғынын америкалық сот 150 жылға бас бостандығынан айырды. Оған РФ аумағында үш кішкентай қызды зорлады деген айып тағылған болатын. Бұл жайында АҚШ-тың Әділет министрлігі хабарлады.

2015 жылдың қарашасында 58 жастағы Юсеф Абрамов 2009-2010 жылдары жасөспірімдерді азғырып, зорлағаны үшін кінәлі деп табылған болатын. 

Тергеу барысында анықталғандай, 2009 жылы Абрамов Лос-Анджелестен Ресейге ұшып барған. Ол 12 жасар орыс қызын зорлап, біреуге айтқан жағдайда басын кесіп алып, футбол ойнаймын деп қорқытқан.

2010 жылдың наурызында Абрамов пен оның екі сыбайласы тағы үш жеткіншекті зорлайды. Олар үшеуі жабылып әр қызды жеке-жеке зорлаған және бұл жайында тіс жарса пышақтап өлтіретінін айтқан.

АҚШ құқық қорғаушылары Абрамовты 2014 жылдың сәуірінде Лос-Анджелесте қолға түсірді. Оны ұстауға Ресейдің билік өкілдері күш салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары