$ 443.37  474.49  4.83

Ақтөбе орталығында 5 бірдей көлік соқтығысты

Оқиға 12 наурыз күні кешкі сағат ондар шамасында "Нұр-Ғасыр" мешітінің маңында орын алған. Бес бірдей көліктің соқтығысуы салдарынан жарақат алғандар бар деп жазады "Диапазон".

"Кезекші бөліміне 5 бірдей көліктің жол көлік оқиғасына ұшырағаны туралы хабар 12 наурыз күні кешкі уақытта келіп түсті. Оқиға Әбілқайыр хан мен М.Мәметова көшелерінің қиылысында орын алған. Әбілқайыр хан көшесіндегі бағдаршамға тоқтап тұрған 4 көліктің (Хюндай, Мерседес, Лада 2114, Лада 2115) соңғысының артынан бесінші көлік келіп соғады. Оның жүргізушісі жолдың көктайғақ екенін аңғармаған болуы мүмкін" дейді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

"Лада 2115" көлігінің жүргізушісі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары