$ 445.66  474.58  4.78

Түркістанда ер азамат есірткі сатып тұрған жерінде ұсталды

Оңтүстікқазақстандық полицейлер түн ортасында есірткі затын сатып жатқан жерінен 54 жастағы Түркістан тұрғынын қолға түстірді деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, наурыз айы басталысымен тәртіп сақшылары өңірде есірткіге қарсы алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Осы рейдтік шара барысында 10 мың теңгеге үш дана сіріңке қорабына толтырылған марихуана сатқан күдікті қолға түскен. Сот-криминалистикалық сараптамасына сай тәркіленген зат жалпы салмағы 5 грамды құрайтын марихуана есірткі заты екені анықталды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары