$ 444.22  476.38  4.82

Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден өтті

Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.

Алматы облысында белгілі журналист, аймақтық «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек өмірден өтті. Бұл қаралы хабарды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалмұрат Жүкел растады деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол қатерлі ісікке шалдығып, соңғы бір жылда емделумен болды. Бірақ бүгін таңға жуық Талдықорғандағы үйінде көз жұмған. 

Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Тележүргізуші Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген.

Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастаған.

Ал, қалған жылдарын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.

2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары