Жаңалықтар 18.05.2020 сағат 10:20

Елорданың денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға қатаң ескерту жасады

Коронавирустан жазылғандар үшін індет мүлде қауіпсіз деуге болмайды. Инфекция өкпені ғана емес, бүйрек, бауыр, жүрек, миды зақымдауы мүмкін.
Елорданың денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға қатаң ескерту жасады
фото: egemen.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтанда құрылыс компаниялары, дүкендер мен кафелер санитарлық нормаларды бұзғаны үшін жабылды Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған бірқатар нысандар жабылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылыс компаниялары, азық-түліктік емес дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар (өзімен бірге алып кету қызметі жұмыс істеген) және т. б. Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді.

 Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар қайта ашылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысан жабылды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды.

Коронавирустан жазылғандар үшін індет мүлде қауіпсіз деуге болмайды. Инфекция өкпені ғана емес, бүйрек, бауыр, жүрек, миды зақымдауы мүмкін. Сонымен қатар өкпеде ұлпаның фиброзы түрінде ошақтар пайда болады – тыныс алу жүйесі ауыр жүктемелерге төтеп бере алмайды. Өкпе қызметі әлсірейді.

Ауырғандарда бірер жылдан кейін қандай асқынулар туындауы мүмкін екені әлі белгісіз. Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қауіпті инфекцияға немқұрайлы қарауға болмайды.

Тағы оқи отырыңыз: Елорда тұрғындары маска тағып жүрмесе, автобустар қайта тоқтауы мүмкін (ВИДЕО)

«Адамдар босаңсымауы, маска тағу режимін қатаң сақтауы керек. Егер санитарлық норма сақталмаса, қала тағы да қатаң карантин ережелеріне қайта оралады. Қалыпты өмірге тезірек оралу өзімізге байланысты», - деді Сәуле Қисықова.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар