$ 494.87  520.65  4.91

«Әзірге блок бекеттер алынбайды» - маман пікірі

Мәселен, оның айтуынша, қазір Шымкент пен Атырау облысында вирус жұқтырғандар саны артып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан өңірлерінде блок бекеттер әзірге алынбайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Қазір қалалар арасында блок бекеттер әлі тұр, өңірлер арасында жүріп-тұруға тыйым салынған. Әзірге блок бекеттер алынбайды, себебі өңірлерде эпидемиологиялық ахуал әртүрлі, бұл сонымен байланысты", - деді Сұлтанғазиев денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен тікелей эфирде.

Мәселен, оның айтуынша, қазір Шымкент пен Атырау облысында вирус жұқтырғандар саны артып отыр. Егер блокбекеттер алынса, індетке шалдығу өсімі ұлғаюы мүмкін.

Осы ретте комитет төрағасы қалалар арасында әуе рейстері неге артып жатқанын түсіндірді.

"Ұшақпен ұшу аз уақытты алады. Қауіп соншалық жоғары емес. Ал адамдардың бір өңірден екінші өңірге жаппай ағылуы қауіпті. Оның үстіне ұшақпен көп адам ұшпайды", - деді Сұлтанғазиев.
Ол карантинге жабылған қалаларды ашу мәселесі әзірге талқыланып жатқан жоқ екенін атап өтті.

Қазақстанда барлығы 6440 адамда коронавирус диагнозы расталды. 3256 адам дертінен айықты, 34 науқас қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#автобекет