$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл ақпарат қате»: «ҚазМұнайГаз» басшылығы қызметкерлердің қысқаруына қатысты пікір білдірді

Оның сөзінше, дағдарысқа байланысты штат саны қысқарғанда, қызметкерлердің кімнің туысы екеніне мән берілмейді.

2020 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, Компания) адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Дәулетжан Хасановтың дағдарысқа қарсы стратегияны іске асыру аясындағы кадрлық саясат мәселелері бойынша брифингі өтті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Спикер сөзінің басында бірінші тоқсанның нәтижесі бойынша компанияның табысы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3 есеге қысқарып, ал кейбір еншілес кәсіпорындардың шығынға тап болғанын хабарлады. Осыған байланысты, қаржылық жағдайды тұрақтандыру және нарықтық жағдайдың теріс әсерін төмендету үшін «ҚазМұнайГазда» дағдарысқа қарсы стратегия жасақталуда. Бұл стратегия компанияға шығындарды азайтуға және дағдарыстан кейінгі кезеңде тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді.

 

«Шындығында бұл ақпарат қате. Мен компания қызметкерлерінің көбі жоғары лауазымды шенеуніктердің тегінде деп айта алмас едім. Олар да жақсы мамандар, иә, қыздары бар шығар, бірақ көпшілігі олай емес», - деді Д.Хасенов.

Оның сөзінше, дағдарысқа байланысты штат саны қысқарғанда, қызметкерлердің кімнің туысы екеніне мән берілмейді.

«Сондықтан қызметкерлер саны қысқарғанда, нақты принциптерге сүйенеміз. Азаматтардың тегі бұл процесте ешқандай рөл ойнамайтынына мен сенімдімін», - деп айтты ол.

Бұған дейін «Қазмұнайгаз» орталық аппараттағы қызметкерлердің саны 249 адамға қысқарып, басшылардың айлығы 30%-ға азаятынын мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары