$ 444.22  476.38  4.82

Арақ-шарапты қолдан дайындаған Алматы тұрғыны ұсталды

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2020 жылғы қаңтар айының басында «Қалқаман-2» шағынауданында арақ-шарап өнімін қолдан дайындаған Алматы қаласы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеу жұмысын аяқтады.

Алматы қаласының тұрғыны арақ-шарап өнімін қолдан дайындаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қаржы мониторингі комитетін баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2020 жылғы қаңтар айының басында «Қалқаман-2» шағынауданында арақ-шарап өнімін қолдан дайындаған Алматы қаласы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеу жұмысын аяқтады.

Жалған есепке алу-бақылау маркасы жапсырылған 0,5 литрлік 1 040 бөтелке дайын «Қазақстан» коньягі, 525 қолданылмаған есепке алу-бақылау маркасы, 2 канистр спирт, бос бөтелке, қақпақ, алкоголь өнімін дайындап, құюға және қақпақтарды өңдеуге арналған аппарат тәркіленді.

«Соттың үкімі бойынша айыпталушы Қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-бөліміне сәйкес (Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану ) кінәлі деп танылып, оған 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартумен пробациялық бақылау орната отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #арақ