$ 494.87  520.65  4.91

Бапкер Головкин мен Альварестің үшінші рет қашан жұдырықтасатынын айтты

Мамырда жекпе-жекке шыға алмадық.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-2-1, 36 КО) бапкері Эдди Рейносо Box Azteca арнасына берген сұхбатында биылғы жоспарлары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның сөзінше, "Канело" екі жекпе-жек өткізеді, оның бірі титулдар біріктіретін кездесу екен. 

"Биыл шынымен екі кездесу өткізгіміз келеді. Мамырда жекпе-жекке шыға алмадық, бірақ, енді қыркүйек пен желтоқсанда жасауға тырысамыз. Иә, біз әлі де Билли Джо Сондерсті айтып отырмыз. 

Сондай-ақ, бізде Калеб Плант пен WBC чемпионы Дэвид Бенавидес бар. Бірнеше вариант шығып тұр. Головкинмен жекпе-жек тек желтоқсанда, өйткені, оның адамдары GGG Шереметаны жеңбей, "Канеломен" жұдырықтаспайтынын айтты", - дейді Рейносо. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары