Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тарихымыздың алтын дәуірі – Алтын Орда» тақырыбындағы іс-шара өтті. Онлайн режимінде өткен шараны «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар» кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.
Онлайн шара барысында кафедра меңгерушісі М.С.Қараманова Алтын Орда мемлекетінің әлем тарихында алатын орнын, тарихи маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, кафедраның аға оқытушысы М.М.Жұмаділдаев «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бастауы» тақырыбындағы деректерді тарқатып айтты. Ал, студент М.Махаш «Тарихы бұрмаланған Тоқтамыс хан» атты жұмысымен бөліссе, Алтын Орда тарихындағы Сығанақ қаласының орны туралы білім алушы Н.Бектұрған айтып берді. Сонымен қатар, университет студенті Д.Базарбаев «Алтын Орда ханы – Өзбек хан» тақырыбында баяндама жасады.
Онлайн кездесуде Алтын Орда мемлекетінің құрылуыының тарихи маңызы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақ халқының қалыптасуындағы рөлі жайлы айтылды. Сондай-ақ, Алтын Орда тарихы туралы тарихшылардың жаңа көзқарастары туралы жан-жақты мәліметтер берілді.