$ 498.34  519.72  4.85

16 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында  атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде, күндіз  көптеген бөліктерінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында  жаяу бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасынмен қатар жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні  23 м/с-ға дейін дейін жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау облысында жел 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары