Елорда тұрғыны Талғат Шолтаев Астанадағы "Ғашықтар" мүсінін алдыртып тастауға немесе "киіндіріп" қоюға күш салатынын мәлімдеп отыр деп жазады Tengrinews.kz. Жартылай жалаңаштанған мүсіндегі қыздың тәні бұған дейін әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, көпшілік оны қазақы болмысқа сай еместігін айтқан болатын.
Шолтаев мүсіндегі қазақ қызына ұлттық киім киіндіру керектігін жоспарлапты. Алайда, тастан жасалған нысанға өзгеріс енгізу мүмкін болмаған. "Мен бірнеше күннен бері бұл мүсінд алып тастайтын шығар деп күтіп жүрдім. Алмады. Болмаған соң өзім барып, орамал жауып қойдым үстіне. Полицейле менің не істеп жатқанымды көрді. Оларға осы мүсін үшін намыстанатынымды айттым. Тәртіп сақшылары мені қолдады" дейді ол.
Шолтаевтың айтуынша, интернетте дау шықпай тұрып Астанада мұндай мүсіннің бар екенін ол білмепті. Егер орамалды шешіп алып тастаса басқасын әкеліп орап қоямын дейді ол. "Жалаңаш қызды ретке келтірмейінше осы әрекетімді доғармаймын" деп мәлімдеді Шолтаев.
"Бұл махаббат мүсіні. Біздің ұлтта махаббаттың символы - Қозы Көрпеш пен Баян сұлу. Сонда біздің қыздарыыз бұрын осылай тәнін жалаңаштап жүргені ме?Астанаға келген шетелдіктер солай қабылдайды ғой, сосын қыздарымызды кім сыйлайтын болады?!" дейді Астана тұрғыны.