20.05.2020, 16:20

Елордадағы азық-түлік сатушыларынан күнде коронавирус расталып жатыр

Фото: Тұрар Қазанғапов
Қазір Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 6969 жағдай тіркелді.

Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендерінің сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Өткен бірнеше күнде 358 нысан тексерілді, оның ішінде 85 нысанның талаптарды орындамағаны анықталды. Бұл талаптар азық-түлік және азық-түлік сатпайтын басқа да дүйендерде сақталмай отыр. Сатушылар маскасыз, қолғапсыз, қорғаныш құралдарынсыз, антисептиксіз жұмыс істеп жатыр, нан өнімдерін сақтау шаралары орындалмаған. Стоматологиялық нысандарда, сұлулық салондарында (...). Нұр-Сұлтанда күнде дерлік түрлі дүкен сатушыларының арасынан коронавирус жұқтырғандар анықталып жатыр", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Қазір Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 6969 жағдай тіркелді. 3649 науқас жазылды, 35 адам қайтыс болды.